Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Байзақ ауданының ақсақалдар алқасы оқушылармен кездесу » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Байзақ ауданының ақсақалдар алқасы оқушылармен кездесу
16
июнь
2021

Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Байзақ ауданының ақсақалдар алқасы оқушылармен кездесу

«Есік алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атың ғой, ауылыңда қарияң болса, жазулы тұрған хатың ғой», деген бар қазақта. Жасы үлкендердің өмірден көргені де, тұрмыстан түйгені де көп. Үлкен өмірлік тәжірибесі мен даналығы мол аға ұрпақтың жастарды рухани жағынан тәрбиелеуде, бағыт-бағдар беруде маңызы зор. Жасы ұлғайғанына қарамастан аға буын өкілдері, құрметті ардагерлеріміз ауданның әлеуметтік-қоғамдық өміріне етене араласып келеді. Олардың қажымас қайраты, азаматтық ұстанымы – жас ұрпаққа үлгі-өнеге.
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Байзақ ауданының ақсақалдар алқасы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ақсақалдарымыз оқушыларға рухани тәрбие беру, ұлттық құндылықтар, дін жайлы құнды ақылдарын айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.