16
февраль
2018
«Ерлігіңіз ел есінде» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.
14 ақпан күні Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының тәрбие орталығының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне арналған «Ерлігіңіз ел есінде» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларға, Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Шақырылған қонақтар Ауған соғыс ардагерлері Куденов Жұманазар, Алманов Құралбай, Таңабаев Қалат қатысты. Оқушылар тарапынан құрметке бөленген майдангерлер алғыс білдіріп, жақсы тілектерін жеткізіп, естелік суретке түсті.