Ауған соғысы аяқталғанына 31 жыл » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» Ауған соғысы аяқталғанына 31 жыл
14
февраль
2020

Ауған соғысы аяқталғанына 31 жыл

        Биыл Ауған соғысы аяқталғанына 31 жыл болды. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, қиын уақытта өз міндетін атқарған ардагерлерге құрмет көрсетті.
        Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында  «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» деген тақырыпта ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтт. Кештің мақсаты соғыстың қасіреті жайлы мағлұмат беру, Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің ерлігін насихаттау болды.Кездесуге 9 ауған соғысының ардагері қатысты. Қазақстан Республикасының гимні ойналып болғаннан кейін оқушылар мен ардагерлер Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлерді үнсіздік сәтімен еске алды. Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Олардың ішінде: «Елімізде Ауған соғысы ардагерлеріне қандай көмек көрсетіледі? Бұл соғыс туралы түсіріліп жатқан фильмдер шындыққа жанасады ма? Қазіргі әскерилердің қандай іс-әрекетін ерлікке жатқыза аласыздар?» - деген сияқты сұрақтар болды. 
       Ардагерлермен сұхбаттан кейін оқушылар өздері дайындаған концерттік бағдарламаны қойды. Ауған соғысының зардабы мен жауынгерлердің батырлығын дәріптейтін өлеңдер оқылып, әндер айтылды.
       Кеш оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болды. Бұл кездесу олардың бойында патриоттық сезімді оятып, Ауған соғысында опат болған батырлардың есімдерін қастерлеуге шақырды.