1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

01
сентябрь
2025

1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ

Нығметулла Киікбаев  атындағы мектеп-гимназиясында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектеп-гимназиямыздың ардагер ұстаздары Қосымова Гүлнар Ғаббасқызы, Бекбауов Асқар Смайылұлы, Орманов Нурхатди Алмаханұлы қатысты.
Салтанатты іс–шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталды. Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндеріміз әуезді ән айтып өлең жолдарын тарту етті. Мектеп- гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы мектеп табалдырығын аттаған 171 жас бүлдіршіндерді, ұстаздар мен ата-аналарды құттықтап, мектебіміздің жеткен жетістіктерін мақтанышпен атап өтті, сонымен қатар биылғы 11сыныпты бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, адал азамат болуға шақырды.