10
сентябрь
2025
«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ!
Мектеп-гимназияда 9 қыркүйек күні «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы аясында «Жас жол инспекторлар» тобы 2-3 сынып оқушылары арасында қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында жас жол инспекторлары жолда жүру ережелерімен таныстырып, жаяу жүргіншінің міндеттерін түсіндіріп өтті.






