«Көшбасшылық қасиеттің маңызы» » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

03
февраль
2022

«Көшбасшылық қасиеттің маңызы»

Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін құрметтейтін азамат ұлтты алға жетелейтін көшбасшы болуға лайық. Осы орайда Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Көшбасшылық қасиеттің маңызы» тақырыбында  көшбасшы оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Мектеп-гимназия директоры Г.С.Ермековаға сөз беріліп, көшбасшы оқушылардың жеткен жетістіктері таныстырылып, сұрақ – жауаптармен пікір алмасты. Өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытуда үлгі тұтатын тұлғалар жайлы ой қозғады. Мектеп қабырғасында, білім жолында осындай жетістікке жетіп жүрген көшбасшыларымызға жеңісті де жемісті күндер тілейміз!