Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы
15
январь
2020

Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы

        Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасында көрсетілгендей, ұлт болашағы үшін жасалатын міндетті жұмыстардың бірі – өскелең ұрпаққа, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Туған елге деген сүйіспеншілікті болашақ ұрпақ бойына дарыту, тарихи өлкелеріміз мен құнды жәдігерлерімізді таныстыру мақсатында қаңтар айының басында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының бір топ оқушылары Байзақ аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхаттап барды. Бізді жылы жүзбен қарсы алған мұражай қызметкерлері оның қалыптасу тарихы, экспонаттары жөнінде қызықты экскурсия жасады. Мұражай қызметкері 2010 жылдың 14 маусымында құрылған мұражайдың бірінші бөлімі бойынша аудан аумағында жүргізілген көптеген археологиялық экспедицияның нәтижесінде табылған ортағасырлық архитектураның көрінісі болған құрылыс заттары, су құбырлары жайлы әңгімелесе, қазақ халқының тұрғын үйі киіз үй және киіз үйдің жабдықтары, дәстүрлі қолөнер бұйымдары, ас үй бұйымдары көрсетілген залын таныстырды. Аудан тарихынан сыр шертететін келесі бөлімде ауданның тарихын суреттейтін мақалалар, фотосуреттер, тұрмыс заттары оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Ұлы Отан соғысына арналған зал мен мәдениет және өнер залы да айрықша есте қалды. Оқушыларымыз тарихымыз туралы толымды мәлімет алды, арнайы тапсырмаларды орындап, экскурсия жүргізушінің сұрақтарына жауап берді. Тарихи жәдігерлерді тамашалаған оқушылар өздерін сол кезеңге барғандай, сол оқиғалардың ортасында жүргендей сезінді.
Жан дүниеңді байытып, тарихымызды танып білуге, өткенімізді бағдарлап, болашағымызға даңғыл жол салатын осындай танымдық орындарға бару – оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймыз.