«Зерттеу мен тәжірибенің түйіскен тұсы: авторлық жұмыс» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » «Зерттеу мен тәжірибенің түйіскен тұсы: авторлық жұмыс» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
07
октябрь
2025

«Зерттеу мен тәжірибенің түйіскен тұсы: авторлық жұмыс» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Бүгін мектеп кітапханасында «Зерттеу мен тәжірибенің түйіскен тұсы: авторлық жұмыс» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. 
✅Семинардың мақсаты – педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру, авторлық тәжірибесін тарату және кәсіби құзыреттілігін арттыру.
❇️Іс-шара барысында Айнұр Жамалбекқызы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік қызметтің өзара байланысын талдап, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік өнімдердің мазмұнымен таныстырды. 
❇️Әріптестер зерттеудің педагогикалық тәжірибеге ықпалы, жаңашыл идеяларды білім беру процесіне енгізу жолдары туралы өз көзқарастарын ортаға салды.
❇️Семинар қорытындысында қатысушылар педагогикалық зерттеу мен тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы мұғалімнің кәсіби дамуын жетілдірудің маңызын атап өтті.
🔹 Нәтижесінде: іс-шара мұғалімдердің зерттеушілік қабілетін дамытуға, шығармашылық ойлау мен авторлық ізденісті арттыруға ықпал етті.