Қайырымдылық іс-шарасы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

20
февраль
2019

Қайырымдылық іс-шарасы

Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп - гимназиясында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының 2019 жылға арналған «Сыбаға» қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты көмегі-қамқорлықсыз қалған жасы үлкен адамдарға, балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және т.б. көмек көрсету. 
2019 жылдың 19 ақпан күні Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының 2019 жылға арналған қайырымдылық іс-шараларының жоспарына сәйкес «Жас Отан» жастар қанатының Байзақ ауданының бөлімшесімен бірлесе отырып Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогтары «Сыбаға» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында Сарыкемер ауылы, З.Әбдікәрімов көмеші №21 үйдің тұрғыны 1950 жылдың 8 тамызында дүниеге келген жалғыз тұратын Джандосова Сағаткүл әженің үй ауласын 10 сынып оқушыларының көмегімен қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалау жұмыстары аяқталған соң Сағаткүл Джандосова әже жастарға алғыс айтып батасын берді.