Дін мәселесі – өте өзекті тақырып. » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

02
февраль
2021

Дін мәселесі – өте өзекті тақырып.

Дін мәселесі – өте өзекті тақырып. Әсіресе, оңы мен солын әлі жете танып-білмеген өрімдей жастардың діни көзқарасын қалыптастыру, оларға салиқалы әрі салмақты түсінік беру тек сала мамандарының ғана қолынан келетіні сөзсіз. Өйткені, үстіртін немесе теріс мәлімет алған жастың жат ағымның жетегіне еріп кете беруі ғажап емес. Осы орайда, Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында тәрбие орталығының ұйымдастыруымен санитарлық талаптарды сақтай отырып дін өкілімен кездесу өтті.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – жастарды түрлі теріс ағымдардан сақтандыра отырып, отансүйгіштікке, имандылыққа, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, исламның шынайы игілікті рухани байлықтарын насихаттау болды. Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Құлназаров Байылхан оқушыларға дәстүрлі ислам дінінің басты құндылықтары жайлы сөз етті. Қазақстанда ислам дінінің ханафиттік мазхабы таралғанын ескере отырып, еліміздің өсіп-өркендеуі, рухани тыныштығы үшін осы бағытпен жүру маңыздылығына назар аударды.
«Өкінішке орай, қазіргі таңда жақсылыққа бет бұрдым деп, жат ағымдарға арбалып, адасып жүрген жандар көбейіп кетті» - деп сөз бастаған теолог маман, «Секталардың шырмауына негізінен оң-солын әлі ажырата қоймаған жастар түсіп жатыр. Мұның себебін, біріншіден, сырттан келген секталар мен діни ұйымдар бұғанасы қатып үлгермеген жас буын өкілдерімен белсенді түрде жұмыс жасайтынынан іздеген жөн. Екіншіден, сектанттарға мектептегі оқушылар, университеттегі студенттер, оқу орнын енді ғана тамамдаған жас мамандарды торға түсіру анағұрлым оңай.  Себебі біздің жас буынның  бойында күш-қуат бар, санасы уланбаған, кез келген ақпаратты тез қабылдап және тез шешім шығара алады. Үшіншіден, сол жастарымыздың өмірлік тәжірибесі аз болып келеді» - деп өз сөзін аяқтады.
Кездесу соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып толыққанды жауаптар алды.