1-қыркүйек Білім күні » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

01
сентябрь
2020

1-қыркүйек Білім күні

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ ТУРАЛЫ АҚИЫҚ АҚЫН М.ЖҰМАБАЕВ «ӘРБІР ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ-МЕКТЕБІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ» ДЕГЕНДЕЙ, ЕГЕМЕН ЕЛІМІЗДІҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТЫП, ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ ҚОЛЫНДА.

        Қыркүйек айының бірінші жұлдызы - білім күнін Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы үлкен дайындықпен қарсы алды. Осы күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған, кезекші сыныптарда оқитын бүлдіршіндеріміз санитарлық нормаларды сақтай отырып, алғаш рет мектеп партасына отырып, білім сабағын өткізді. Ал, қашықтықтан zoom платформасы арқылы облыс әкімдігінің  жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, осы мектептің түлегі Берікқожа Серікбол Қайратұлы арнайы келіп, мектеп оқушыларын құттықтады. Жамбыл жастарының көшбасшысы құттықтау сөзінде "Міне, бүгін дәстүрлі түрде өте бір қуанышты күн – алғашқы қоңырау, білім күні. Биылғы оқу жылының ерекшелігі қалыптасқан эпидемиологилық ахуалға байланысты қашықтықтан оқыту болып отыр. Қашықтықтан оқыту оқу жүйесіндегі жаңа формат болғандықтан, бұл жаңаша оқыту жүйесі заман талабына жатады. Оқыту үдерісінде өзгеріс енбейінше, нәтиже де болмайтыны белгілі. Сондықтан жаңа жүйені меңгеру мұғалімдер үшін де, оқушыларға да тиімді деп есептеймін.
 Сондықтан ең бірінші мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, олардың болашағының негізін қалаушы ардақты ұстаздарымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!"- деп ізгі ниетін білдірді. Серікбол Қайратұлының арнайы келгеніне қуанып, жігерленген оқушыларымыз бірнеше сұрақтар қойып, өз алғыстарын білдірді.