15
декабрь
2020
«Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризмнің зардаптары»
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында тәрбие орталығының жоспарына сәйкес, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып «Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризмнің зардаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Білім беру ұйымдарында оқып жатқан тұлғаларда білім беру үдірісі барысында радикалды діни ағымдардың теріс мәні жөнінде негізгі білімдерін қалыптастыру. Дөңгелек үстелге ДҚТІЖО Кенжалиев Шыңғыс, тарих пәнінің мұғалімі Биманова Ботакөз, дінтану пәнінің мұғалімі Кадырова Жансая және 9 сынып оқушылары қатысты. Дінтану пәнінің мұғалімі Кадырова Ж діннің шығу тарихына тоқталып, экстремизм және терроризм сөзінің мағынасын түсіндірді. Оқушылар діни сауаттылық, тиым салынған діни сайттар және діни экстремизм мен терроризмнің зардаптары туралы ой бөлісті.








