20
август
2021
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Zoom» бағдарламасы арқылы ата-аналар жиналысы
Балаға тәрбие беру отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. “Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды” – деген екен Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби. Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Zoom» бағдарламасы арқылы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау, түйткілді мәселелерді ақылдаса отырып шешімін табу болды. Жиналыста балалардың бос уақытын қалай өткізуі, жаңа оқу жылына дайындығы, ғаламтор желілерінде ақпараттарды дұрыс пайдалануы керектігі жайлы ескертілді. Ата-аналарға жан-жақта болып жатқан оқыс оқиғалардан сабақ алып, бала қауіпсіздігіне назар аударып, психикалық денсаулықты нығайту жолдары туралы айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.






