Жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

16
ноябрь
2021

Жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы

Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында санитарлық талаптарды сақтай отырып жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар назарына мектеп формасы және мектептегі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау туралы ақпараттар ұсынылды. Жаңа оқу жылында мектептің  ата-аналар қоғамдық кеңесі қызметінің  міндеттері айқындалды және Қ.Р Білім және Ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарына әкелуге тиым салынған, пайдаланылуы шектелген бұйымдар мен заттардың тізбесін бекіту туралы» №235 бұйрығы таныстырылды. Сондай-ақ қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда: "Балалардың интернетке тәуелділігі", "Буллинг, кибербуллинг", "Балалар арасындағы суицидтік мінез құлықтың алдын алу". Аталған мәселелер бойынша  ата -аналарға отбасында балалардың  тәрбиесіне, сенімді қарым- қатынасқа жете мән беру туралы кеңестер берілді.