13
декабрь
2022
ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ
Мектеп-гимназияның оқушыларымен Байзақ ауданы әкімдігі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесінің дін мәселелері бойынша сектор меңгерушісі Қ.Дәнебаев және теолог-инспектор А.Құлымбетовпен кездесу өтті. «Дін және діни экстремизм» тақырыбында өрбіген жиында теолог маман дін жөнінде жалпы түсінік беріп, діни экстремизмнің бүгінгі бет-бейнесі туралы, өмірімізде белең алып отырған лаңкестік әрекеттер жөнінде әңгімеледі. Оқушылар әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.






