10
февраль
2021
Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған аудандық онлайн-вебинар
Қаңтар айында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған аудандық онлайн-вебинар өтті. Вебинарда алғы сөзді ауландық білім бөлімінің ағылшын тілі мұғалімдерінің әдіскері Құлмағанбетова Назира бастап, вебинар мақсатымен таныстырып өтті. "Effective practices of learning management platforms for Flipped teaching" тақырыбында өткен вебинарда Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімдері Бекбаева Раушан және Тукашева Мансия қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Төңкерілген оқуды басқару платформаларының тиімділігі жөнінде ақпаратпен бөлісіп, сабақта қолдану әдіс-тәсілдері туралы тың мәліметтерді берді. Вебинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, вебинар жұмысын қорытындылады.










