«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы
12
февраль
2020

«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы

         12 – ақпан күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын-алу жолдары және оның қандай қаупі бар екенін түсіндіру. Шара барысында мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимова Гүлнұр Өмірзаққызы ұялы телефонның зияны туралы айтты. Ал аудандық жастар денсаулығын нығайту орталығының гинеколог-дәрігері Ибрагимова Мөлдір Шахмұратқызы мен Байзақ аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтына жауапты медбике Айтбаева Алия "Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын-алу" туралы және қыздардың жеке бас гигенасын сақтау жөнінде айтты. Сонымен қатар, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндірді. Дәрігермен әңгіме ашық жүргізілді. Қыздар пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, талқылауға белсене қатысты. Сондай-ақ, мектеп инспекторы Умирбекова Маржан қыздар арасындағы қылмыс туралы баяндады.