09
ноябрь
2022
«МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Мектеп – гимназияда қоғамның дамуына үлес қосып жүрген белгілі адамдарды шақырып, олардың өмір жолдарынан мәлімет алып, жетістікке жету сырларынан өнеге алу мақсатында 10-11 сынып оқушылары арасында «Даналық бейсенбі» жобасының кезекті іс-шарасы өтті. Кешімізге қонақ болып, мектебімізден түлеп ұшқан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер» жөніндегі департамент маманы - Нарегеев Алихан Бауыржанұлы қонақ болып келді.Бас қосу барысында кеш қонағы оқушыларға өз мамандығының қыр сыры туралы әңгімелеп, мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне сүйену керектігін айтып, жақсы маман болудың жолдарын түсіндірді. Еңбек жолында жеткен жетістіктері туралы баяндады. Бүгінгі түлек ертеңгі еліміздің тірегі екенін айтты. Тек қызмет барысы туралы ғана емес, балалық шағы, студенттік жылдары, болашақтағы мақсаттары туралы да әңгімеледі. Оқушылар қонағымызға сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар алды.








