18
апрель
2023
ТЕОЛОГ МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ!
Бүгін мектеп-гимназияда "Дәстүрлі құндылықтар керуені" жобасын іске асыру мақсатында Байзақ аудандық білім бөлімінің әдіскері Сатылғанова Зәуреш және теолог мамандар 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ораза ұстау, намаз оқу секілді тақырыптардың төңірегінде сөз қозғалды. Сонымен қатар қоғамдағы радикалды діни идеологияларға қарсы профилактикалық жұмыстар жайында ақпарат берілді. Оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.







