26
октябрь
2022
МАМАНДАР ОҚУШЫЛАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ
Мектеп-гимназияда 2022 жылдың 26 қазанында «Темекінің алдын алу. Электронды темекінің зияны» тақырыбында 7-сынып оқушыларына жастар денсаулық сақтау орталығының мамандары Алтаева Арайлым, Ержанова Айгүл дәріс оқыды. Баяндамашылар темекінің құрамындағы заттар және олардың ағзалар мен жүйкеге кері әсері туралы айтты. Сонымен қатар, темекі шегу туралы әлеуметтік сауалнаманың қорытындыларымен таныстырып өтті. Оқушыларға дені сау болу үшін тұрақты түрде дене белсенділігін арттырып, дұрыс тамақтанған абзал, сонымен қатар зиянды әрекеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану керектігін насихаттады. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Кездесу соңында мамандар қорытынды сөздер айтып, оқушыларға алғысын білдірді.




