Материалы за Сентябрь 2024 года » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» Материалы за Сентябрь 2024 года
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 4-КҮН
30
сентябрь
2024
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 4-КҮН
Бүгін 28 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары үшін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының  кестесіне сәйкес информатика және география пәндері бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға информатика пәнінен 7 оқушы  және география пәнінен 8 оқушы қатысты.  Білім жарысында оқушыларымызға сәттілік тілейміз!   
🔰20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ САҒАТЫ ЖАЛҒАСУДА!
28
сентябрь
2024
🔰20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ САҒАТЫ ЖАЛҒАСУДА!
Мектеп-гимназияда «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында 2-сынып оқушыларына 20 минуттық кітап оқу сағаты өткізілді. Оқушылар тыңдаған ертегі бойынша кейіпкерлерді суреттеп, мінездеме берді. Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру.
🔰КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!
28
сентябрь
2024
🔰КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!
Мектеп-гимназияда “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Кел,балалар,оқылық” атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.Бүгінгі іс-шарада оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен танысты. Сонымен қатар оқушылар Ыбырай Алтынсариннің тәрбиелік мәнге толы әңгімелерін оқып, пікір алмасты.Алдағы уақытта бұл іс-шара жалғасын табады.
"БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ" тақырыбында жиналыс өткізілді.
27
сентябрь
2024
"БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ" тақырыбында жиналыс өткізілді.
Нығметулла Киікбаев  атындағы  мектеп-гимназиясында балалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мақсатында  2024 жылдың  қыркүйек айының 27 -сі күні білім беру ұйымының барлық ата-аналарына "БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында әлеуметтік желілердегі балалардың қауіпсіздігі талқыланды. Әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс екендігі айтылды.
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 3-КҮН
27
сентябрь
2024
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 3-КҮН
Бүгін 27 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары үшін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының  кестесіне сәйкес физика, биология, химия және математика пәндері бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға физика пәнінен 10 оқушы, биология пәнінен 11 оқушы, химия пәнінен 14 оқушы және математика пәнінен 13 оқушы қатысты.  Білім жарысында оқушыларымызға сәттілік тілейміз! 
«АНАҒА ТАҒЗЫМ»
26
сентябрь
2024
«АНАҒА ТАҒЗЫМ»
  Қыркүйек айының үшінші жексенбісінде мектеп-гимназиясында аналар күніне орай «Анаға тағзым» тақырыбында аналар күні аталып өтті.  Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.  Ана-әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі, өмірдің керегесі. Анаға қанша тілек, қанша мақтау мен алғыс айтсақ та, аз емес. Анаға жылы да, жұмсақ сөз айтуды, алғыс білдіруді, мейірім танытуды ешқашан
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 1-КҮН
26
сентябрь
2024
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 1-КҮН
  Бүгін 25 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары үшін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың І (бастапқы) мектепішілік кезеңі басталды. Кестеге сәйкес құқық негіздері және Қазақстан тарихы пәндері бойынша олимпиада өтті. Құқық негіздері пәнінен 6 оқушы, Қазақстан тарихы пәнінен 12 оқушы өз білімдерін ортаға салды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз! 
“Кибербуллинг деген не? Одан қалай қорғанамыз" тақырыбында ақпараттық сағат өткізді
26
сентябрь
2024
“Кибербуллинг деген не? Одан қалай қорғанамыз" тақырыбында ақпараттық
Байзақ ауданы білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылындағы әлеуметтік желідегі ойындар туралы жедел іс-шара жоспарына сәйкес  Нығметулла Киікбаев атындағы  мектеп-гимназиясының педагог - психологтары тарапынан 7 -8 сынып оқушыларымен “Кибербуллинг деген не? Одан қалай қорғанамыз" тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Оқушыларға кибербуллинг, оның түрлері, одан қорғану жолдары және кімнен көмек ала алатындары турал ақпарат  беріліп, бейнеролик көрсетілді.
«БҰРЫМДЫ ҚЫЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІ!
26
сентябрь
2024
«БҰРЫМДЫ ҚЫЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІ!
  Қазақ қызының басты сұлулығы-бұрымдарында. Ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізге сай қыз бала шашын өріп, шолпы немесе шашбау тағатын болған. Осы қос бұрым көздің жауын алып, таңдай қақтырған. Нәзік болмысын айшықтауға көмектескен. Мұнымен қатар шаш өру-халқымызда ежелден келе жатқан өнер түрі. Осы орайда мектеп-гимназияда ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бұрымды қыз» челленджі  ұйымдастырылды.
Әлеуметтік желідегі ойындардың зияны
26
сентябрь
2024
Әлеуметтік желідегі ойындардың зияны
  Байзақ ауданы білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылындағы әлеуметтік желідегі ойындар туралы жедел іс-шара жоспарына сәйкес  Нығметулла Киікбаев атындағы  мектеп-гимназиясының педагог - психологтары мен мектеп инспекторы Р.Ж.Айымбековпен бірлесе 9,10,11 сынып оқушыларымен “Әлеуметтік желідегі ойындардың зияны" тақырыбында пікір алмасу  сағаты өткізілді.