26
сентябрь
2024
ОЛИМПИАДА КҮНДЕЛІГІ 1-КҮН
Бүгін 25 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары үшін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың І (бастапқы) мектепішілік кезеңі басталды. Кестеге сәйкес құқық негіздері және Қазақстан тарихы пәндері бойынша олимпиада өтті. Құқық негіздері пәнінен 6 оқушы, Қазақстан тарихы пәнінен 12 оқушы өз білімдерін ортаға салды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!