26
сентябрь
2024
“Кибербуллинг деген не? Одан қалай қорғанамыз" тақырыбында ақпараттық сағат өткізді
Байзақ ауданы білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылындағы әлеуметтік желідегі ойындар туралы жедел іс-шара жоспарына сәйкес Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының педагог - психологтары тарапынан 7 -8 сынып оқушыларымен “Кибербуллинг деген не? Одан қалай қорғанамыз" тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Оқушыларға кибербуллинг, оның түрлері, одан қорғану жолдары және кімнен көмек ала алатындары турал ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді.