
Мектеп-гимназияда «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында 2-сынып оқушыларына 20 минуттық кітап оқу сағаты өткізілді. Оқушылар тыңдаған ертегі бойынша кейіпкерлерді суреттеп, мінездеме берді.
Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру.