26
сентябрь
2024
«БҰРЫМДЫ ҚЫЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІ!
Қазақ қызының басты сұлулығы-бұрымдарында. Ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізге сай қыз бала шашын өріп, шолпы немесе шашбау тағатын болған. Осы қос бұрым көздің жауын алып, таңдай қақтырған. Нәзік болмысын айшықтауға көмектескен. Мұнымен қатар шаш өру-халқымызда ежелден келе жатқан өнер түрі. Осы орайда мектеп-гимназияда ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бұрымды қыз» челленджі ұйымдастырылды.