«МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» «МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
19
январь
2024

«МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мұқағали оқулары» атты байқау өтті. Байқау 7-11 сынып оқушылары арасында 3 бағыт бойынша жүргізілді. 
Айтып өткен ақында арман бар ма?
Ақын шығармашылығындағы өлеңдерді (поэмадан басқа) жатқа оқу. 
«Жыр эстафетасы» айдарында байқауға қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Алтай-Атырау» және «Райымбек-Райымбек» поэмаларын жатқа оқу. 
«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды»  оқушы өз шығармашылығынан 3-5 шумақтан аспайтын өлеңін жатқа оқуы шарт.
Байқауға қатысушылар әр бағыт бойынша өз өнерлерін көрсетіп өзара бақ сынасты. Байқау талаптарына сай оқушылар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталып, жеңімпаз оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды.