республикалық "Балалар оқулары" байқауының мектепішілік кезеңі » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » республикалық "Балалар оқулары" байқауының мектепішілік кезеңі
15
сентябрь
2022

республикалық "Балалар оқулары" байқауының мектепішілік кезеңі

Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Балалар әлемі", "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында республикалық "Балалар оқулары" байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Байқауға 3-10 сынып оқушылары қатысып 2 кезең бойынша бақ сынасты. 1 кезеңде оқыған шығармаларының желісі бойынша тест орындады.  2 кезеңде эссе жазды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Үздік деп танылған  Нұрнияз Нұрсезім 3 "Б" сынып, Берік Мөлдір 5 "А" сынып, Паратбекова Динара 8 "Б"сынып, Ізбасқанова Динара 9 "А" сынып оқушылары аудандық кезеңге жолдама алды. Оқушыларға сәттілік тілейміз!