ТАБИҒАТ СЫРЛАРЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» ТАБИҒАТ СЫРЛАРЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
10
ноябрь
2023

ТАБИҒАТ СЫРЛАРЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ!

Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” кешенді жоспарына сәйкес 10 қараша күні «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы сырттай шығармашылық байқауы өткізілді.  Байқаудың мақсаты:
- Оқушылардың ақындық және бейнелеу өнері арқылы табиғатты қорғау саласындағы нақты іс-әрекеттерге ынталандыруға ықпал ету;
- Оқушылардың экологиялық мәдениеті мен білімдерін кеңейту;
Байқау 2 бағыт бойынша жүргізілді. Біріншісі «Туған өлкем, табиғатың қандай көркем» бағыты- қатысушылар өз туған өлкесіндегі табиғаттың әсем көріністерінен алған әсерін бейнелейді. Екіншісі «Жырлаймын сені, туған ел!» бағыты. Байқауға 2-7 сынып оқушылары арасынан 58 жұмыс келіп түсті. Жұмыстар әділ қазылар алқасымен сарапталып І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Үздік деп танылған 14 оқушының жұмысы аудандық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!