07
октябрь
2022
"Маралтай оқулары" байқауы
Облыстық "Маралтай оқулары" байқауының аудандық кезеңінде "Ақын өлеңін жатқа мәнерлеп оқу және ақын өлеңдерін жатқа көп оқу" номинациясы бойынша мектеп-гимназиямыздың оқушысы Шарипхан Ұлбосын ІІІ орынға, "Маралтай Райымбекұлына арнау шығарып, жатқа мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша Айзатхан Дархан Бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алды. Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілерін құттықтаймыз!








