”БАУЫРЖАН ОҚУЛАРЫ” БАЙҚАУЫ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» ”БАУЫРЖАН ОҚУЛАРЫ” БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
15
январь
2024

”БАУЫРЖАН ОҚУЛАРЫ” БАЙҚАУЫ ӨТТІ!

Бүгін мектеп-гимназияда даңқты қолбасшы, жазушы майдангер Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Бауыржан оқулары" байқауы өткізілді. Байқау 4 бағытта жүргізілді. Байқауға қатысқан оқушылар 1,2,3-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Қаратай Ұлжан, «Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Дәулетбай Еңлік, «Сыр айтам саған, халқым, ұға білсең» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Шарипхан Ұлбосын, «Томаға киген тау бүркіт» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Тулебаева Инабат аудандық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!