Облыстық «Маралтай оқулары» байқауы өтті » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» Облыстық «Маралтай оқулары» байқауы өтті
23
октябрь
2023

Облыстық «Маралтай оқулары» байқауы өтті

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының аудандық мәдениет үйінде Сарысу ауданының 95 жылдық мерейтойының аясында облыстық «Маралтай оқулары» байқауы өтті. 
🔹 Байқаудың мақсаты— Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын халық иігілігіне айналуына жол ашу,  жас ақындарға рухани қолдау көрсету. 
🔹 Байқауға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, жазушы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай бастаған зиялы қауым өкілдері және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Өмірбек Мейірхан Азатұлы қатысты. 
🔹 Облыстық байқау екі номинация бойынша өткізілді. 
— Қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу; 
— Сарысу ауданының 95 жылдық мерейтойына орай ауданға арналған арнау. 
🔹 Байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 28 оқушысы қатысып, білім бәйгесінде бақ сынасты. 
🔹Байқауда мектебіміздің 9-сынып оқушысы Әбдіманап Диана ІІ орынға ие болды. Жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарова Айнұр Жамалбекқызы.
✅ Жеңімпаз оқушымыз бен жетекшісін жеңісімен құттықтаймыз!