12
декабрь
2023
«СЫРЛЫ ЖЕҢГЕ, СҰЛУ ҚЫЗ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 12 желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде, «Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес 8-сынып қыз балалары мен олардың жеңгелері арасында «Сырлы жеңге, сұлу қыз» байқауы өтті. «Сырлы жеңге, Сұлу қыз» атты байқауына 6 жұп қатысып, жалпы төрт кезең бойынша өз бақтарын сынады. Онда үміткерлер өзін-өзі таныстыру, сұрақ-жауап, қазақтың салт-дәстүрлерінен сахналық көрініс көрсету бойынша бақ сынады.
Шараның мақсаты: қазақ келіндері мен қазақ қыздарына тән ежелден келе жатқан әдептілік пен әдемілікті көрсету, жастарға үлгі өнеге ету, ел арасында үлгі боларлық ақылды да ибалы, өнерлі де ізетті келіндер мен қыздарды елге таныстыру, озық іс-әрекеттерін кеңінен насихаттау болып табылады.
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_жамбыл
#Даналықмектебі
#Жеңгелермектебі