01
декабрь
2023
ӘЖЕЛЕР АЙТҚАН ЕРТЕГІ, ҰРПАҒЫН РУХТЫ ЕТЕДІ!
Әженің ертегісі қазақ халқында ежелден келе жатқан дәстүр. Дәстүр сабақтастығын жалғастыру мақсатында мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”, “Даналық мектебі” клубының жоспарына сәйкес 4-сынып оқушылары арасында «Әжемнің ертегісі» атты ертегі оқу сағаты ұйымдастырылды. Ертегі оқу сағатын аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы «Аналар алқасының» мүшесі Кенжебекова Орынкул жүргізіп, «Ақылдың кілті» ертегісін айтып берді. Ертегілер әлеміне әжеймен бірге саяхаттаған балақайлар қуанып, ән-шашумен алғысын білдірді.





