23
январь
2024
«АҒАСЫ БАРДЫҢ-ЖАҒАСЫ БАР» БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 23 қаңтар «Даналық мектеп» клубы, «Ағалар мектебінің» жоспарына сәйкес «Ағасы бардың – жағасы бар» байқауы өтті. Байқауға 6-сынып оқушылары мен олардың ағалары қатысып, жалпы 7 жұп 5 кезең бойынша өз бақтарын сынады:
1.Тегін білген текті елдің ұрпағымыз (таныстыру)
2.«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» (ұл балаға қатысты салт-дәстүрлер бойынша сұрақ-жауап)
3.«Батаменен ел көгерер» Бата беру сайысы
4. «Шебер көп жерде, өнер көп» (шеге қағу, т.б шеберлікті қажет ететін сайыстар)
5. «Күш атасын танымас» (спорттық сайыс)
Байқаудың мақсаты:аға қамқорлығын насихаттау, аға мен іні арасындағы қарым-қатынасты
нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, «Ағалар мектебінің» жұмысын жандандыру



