01
декабрь
2023
БАБАЛАР ДӘСТҮРІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!
1 желтоқсан күні мектеп-гимназияда жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”, «Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес Байзақ аудандық аналар алқасы төрайымының орынбасары Жанузакова Шырын, Байзақ аудандық аналар алқасының мүшесі Кенжебекова Орынкул, мектебіміздің ардагер ұстазы Наурызбаева Тамара 10-сынып оқушыларымен «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа аманат» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында әжелеріміз ұл-қыздарымызға адам болып қалыптасу жолындағы ізгі қасиеттер туралы сөз қозғай келе, оқушыларды білімді, еңбекқор, мейірімді, сабырлы болуға шақырып, сәттілік тілеп, баталарын берді.




