12
декабрь
2023
«ЖЕҢГЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ» ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 12 желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде «Даналық мектебінің» жоспарына сәйкес «Жеңгелер мектебі» мен «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелері қатысуымен «Қыз ғұмырдың құпиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында жеңге мен қайын сіңлі арасындағы сыйластық, үкідей үлпілдеген қыз дәурені "келін-ғұмырға" айналып, әулеттің, ұрпақтың жауапкершілігі талша мойнына артылған сәтте оң жақта алған тәрбиенің атқаратын рөлі, қыз бала тәрбиесін жеңгесі арқылы қалыптастырып отырған дана халықтың әдет-ғұрыптары туралы сөз қозғалды.






