03
ноябрь
2022
ҮЗДІК ҰСТАЗ-ҒИБРАТТЫ ҮЛГІ.
2022-2023 оқу жылына арналған "Сапа" әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес қараша айы "Адам және қоғам циклы пәндерінің" әдістемелік айлығы пән бірлестіктері арасындағы "Qaz IQ NK" атты интеллектуалдық ойын арқылы ашылды. Ойынға 5 ойыншыдан құралған 6 команда қатысты. Интелектуалды ойын 7 кезеңнен тұрады.
Әр кезеңде 7 сұрақтан қойылады.
Кезеңдер бойынша ақпарат:
І- кезең: Уақыт.(Бұл кезеңде 1991-2021 жылдар аралығындағы ірі оқиғалардың жылдары туралы сұрақ болады)
ІІ- кезең:Тарих.(Бұл кезеңде тарихи сұрақтар қойылады)
ІІІ- кезең: Құндылық.(Бұл кезеңде үш суретті байланыстыру арқылы ұлттық ойындарды жасырады.)
ІV- кезең.Тұлға.(Үш факт арқылы қазақ тұлғаларын анықтау)
V- кезең.Логика.(бұл кезеңде қызықты логикалық сұрақтар қойылады.)
VІ- кезең.Дәстүр.(қазақ дәстүрлері айналасында сұрақ қойылады)
VIІ- кезең.Күй(қазақтың күйлері орындалады. Қандай күй екенін табу) Ойын нәтижесі төмендегідей болды:
Бас жүлде: жаратылыстану пәндерінің бірлестігі
Бірінші орын: орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігі
Екінші орын: қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі
Үшінші орын: бастауыш сынып бірлестігі
"Эмоция" номинациясы: Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі
"Кемел адам" номинациясы: ағылшын тілі бірлестігі
"Тұлға" номинациясы : математика және информатика бірлестігі
"Руханият" номинациясы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестігі.




