ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

21
февраль
2023

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ!

Құқық – қоғамдағы адамдардың өзара қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы. Қазіргі заман талабына сай әрбір Қазақстан азаматы өз құқығын жете біліп, оны қажетіне сай өмір сүру дағдысында қолдана білуі керек. Осы орайда мектеп-гимназияда құқықтық тәрбие беру айлығының барысында 8-сынып оқушыларының арасында «Мен және менің құқығым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. ДҚТІЖО Кенжалиев Шыңғыс Темірбекұлы балалардың құқықтары мен міндеттеріне, жауапкершіліктеріне тоқталып, құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, оқушылар басқалардың құқықтарын бұзбауын, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керектігі туралы түсінді.