21
сентябрь
2021
“Тәуелсіздік Қазақстан жасампаздыққа толы жылдар” тақырыбында дөңгелек үстел
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 6 “З” сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Қадырова Жансая “Тәуелсіздік Қазақстан жасампаздыққа толы жылдар” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел мақсаты: оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері көрсетіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сұрақтар қойып , тәуелсіздік туралы мақтаныш өлеңдер оқылды.



