"Мен OFFLINE" (оффлайн) республикалық акциясы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » "Мен OFFLINE" (оффлайн) республикалық акциясы
24
январь
2020

"Мен OFFLINE" (оффлайн) республикалық акциясы

          Балалардың басым бөлігі уақытын компьютермен және ұялы телефонмен өткізгенді ұнатады. Мамандар компьютерде ұзақ уақыт отыру, телефондағы ойындарды ойнау адам денсаулығына өте зиян екенін айтады. Компьютердің зияны туралы ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретіні ғылыми негізде дәлелденген. Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында халықаралық интернетсіз күн "Мен OFFLINE" (оффлайн) республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты - интернетке тәуелділіктің алдын-алу, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігін бақылау, ересектердің жауапкершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру. Қазіргі техника қарыштап дамыған заманда адамның бір күндік өмірінің басым бөлігін интернетке тәуелділік алып жатқаны бәрімізге аян. Мектеп жасындағы оқушының өзі қолы қалт етсе, ұялы телефонға жармасып жататынын көріп жүрміз. Мінекей, Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына интернеттің зияны туралы кеңінен айтылды. Әсіресе ҰБТ-ге дайындалушы 11 сынып оқушыларына уақытын босқа өткізбеуге, жалпы адамның қу темірден гөрі рухани азығы мол кітаппен дос болуға шақырды. Осы орайда барлық сыныптар аралығында сынып сағаттары өтті. Оқушылардың күнделікті өмірін телефонға шұқшиып емес, сабағын оқып, жақсы іспен айналысуына мұндай шараның тигізер пайдасы мол деп есептейміз.