Мақсатымыз сапалы білім мен саналы тәрбие беру » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » » Мақсатымыз сапалы білім мен саналы тәрбие беру
09
июнь
2020

Мақсатымыз сапалы білім мен саналы тәрбие беру

            Міне,2019-2020 оқу жылы да аяқталды. Тағы бір оқу жылы тарих қойнына енді. Елімізде орын алған өзгерістерге қарамастан, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы үшін оқу жылы жемісті болды. Оған дәлел мектебіміздің оқушыларының оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіштері.2019-2020 оқу жылы мектеп-гимназияны 1-11 сыныптар бойынша 1823 оқушы,даярлық тобын 176 оқушы аяқтап отыр. Мектеп-гимназияның 316 оқушысы оқу үздіктері,961 оқушысы оқу екпінділері.Жанатбекқызы Жұлдызай мен Сенбек Жанна мектеп-гимназияны "Алтын белгімен" бітіріп шықты. Мектебіміздің 72 түлегі ҰБТ - ге қатысуға өтініш білдіріп, онлайн форматта тіркелді.
             2019-2020 оқу жылында Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары мен ұстаздары түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып,жүлделі орындарды иеленді.
Қазақстан интернет олимпиадаларында 78 оқушы, "Жас білімпаз"байқауында 78 оқушы, "Ақ бота" республикалық интеллектуалдық конкурсында 77 оқушы, "Британский бульдог","Кенгуру-математика", "Алтын жабағы","Пони","Адам және табиғат", "Русский медвежёнок" халықаралық интеллектуалдық конкурстарында 1002 оқушы,"Дарын" РҒПО қашықтықтан ұйымдастырған пән олимпиадаларында 28 оқушы,халықаралық және республикалық ән-би,көркемсөз оқу,аспапта ойнау байқауларында 25 оқушы,аудандық пән олимпиадасында 21 оқушы,облыстық пән олимпиадасында 2 оқушы,облыстық білім басқармасы ұйымдастырған байқауларда 5 оқушы,аудандық білім бөлімі ұйымдастырған байқауларда 30 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Жалпы мектебіміздің 1346 оқушысы,яғни мектеп оқушыларының 74%-ы білім сайыстарында биіктен көрінді. Мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушылардың денсаулығын нығайту,жұмыс қабілетін көтеру,спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын арттыру бағытында аянбай еңбек етуде. Атап айтсақ, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұрат Рауан жетекшілік ететін қыздар командасы волейболдан "Мектеп лигасында" облыс чемпиондары атанып,республикаға жолдама алды.Ибрагимов Жеңіс жетекшілік ететін ұлдар командасы футболдан және Ақпанбетов Мейірбек жетекшілік ететін ұлдар командасы қол добынан облыста II орынды иеленді. Бастауыш сынып оқушыларынан құрылған футбол командасы республика чемпиондары. Сондай-ақ,спорттың жеке түрлері бокс, каратэ,самбо,күрестен де оқушыларымыз мектебіміздің абыройын асқақтатуда. Бокстан халықаралық жарыстардың жеңімпазы,спорт шебері Дүйсенқұл Алмаз,қыздар боксынан республикалық жарыстардың жеңімпазы Құдайберген Диана,каратэден республикалық жарыстардың жеңімпазы Айтеновалар мектебіміздің мақтаныштары.
          Әрине, оқушы жетістігі ұстаз еңбегімен келеді. Мектеп-гимназияда 3 педагог-шебер,27 педагог-зерттеуші,30 педагог-сарапшы,20 педагог-модератор еңбек етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген мұғалімдер саны 194 ,деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтардың үлесі 33 мұғалім. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту курсынан өткен мұғалімдер саны 5-еу.
 2019-2020 оқу жылында мектебіміздің ұстаздары да әртүрлі деңгейдегі педагогикалық шеберлік байқауларының жеңімпаздары атанды. Тоқтала кетсек, аудандық білім бөлімі ұйымдастырған байқаулардың жүлдегерлері 25 мұғалім, облыстық білім басқармасы ұйымдастырған байқаулардың жүлдегерлері 8 мұғалім,"Дарын" РҒПО ұйымдастырған республикалық байқаудың жүлдегері 1 мұғалім. Қазақстандық интернет олимпиадалардың жүлдегерлері 135 мұғалім. Сондай-ақ,серіктес мектептермен 5 аймақтық тәжірибе алмасу семинарлары,аудандық деңгейде 3 семинар өткізілді. Мектеп жұмысы туралы аудандық "Ауыл жаңалығы" газетіне 3 мақала,облыстық "Озық сабақ" журналына 1 сабақ,республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналдарға 65 мұғалімнің жұмысы жарияланды.
         2019-2020 оқу жылы әрқайсысымыз үшін өз оқиғаларымен,өз жетістіктерімен есте қалатын,қиындықтары мен қызығы қатар жүрген жыл болды. Бұрын соңды тәжірибемізде болмаған білім берудің жаңа форматын игердік. Қашықтықтан оқыту кезеңінде ұстаздар,оқушылар мен ата-аналар болып қиындықтар мен кедергілерді бірлесе еңсердік. Осы орайда,оқушыларға қажетті білімді беру мақсатында аянбай еңбек еткен мектеп-гимназияның ұстаздар қауымына және жыл бойы қамқорлық танытып, қолдау көрсете білген ата-аналарға шексіз алғыс айтамын! Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасында отырған оқушыларымыз сапалы білім мен саналы тәрбие алып,елдің өткенін,мәдениетін,салт-дәстүрін,табиғат ерекшеліктерін құрметтейтін ұрпақ болсын дегім келеді.

Гульбахрам Ермекова
Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры