Кемел келешекке тәрбиелі ұрпақпен» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » » Кемел келешекке тәрбиелі ұрпақпен» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы
22
апрель
2022

Кемел келешекке тәрбиелі ұрпақпен» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы

«Балалар жылы» аясында 2022-жылдың 22-сәуірінде Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Кемел келешекке тәрбиелі ұрпақпен» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Басқосуда бітіруші сыныптардың мемлекеттік емтихандары туралы мәліметтер баяндалды. Мектептің ішкі тәртібі туралы, соның ішінде балалардың ұялы телефон қолдануына тыйым салу, ата-аналар және өзге де адамдардың мектеп ішіне рұқсатсыз кірмеуі туралы сөз болды. Сонымен қатар, ата-аналар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларымен, заңдармен таныстырылып, жан-жақты мағлұмат алды. Мектеп қабырғасында бала бойына адамгершілік, шыншылдық мәдениетін сіңіру жолдары туралы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта балалармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсенді түрде қатысатындарын айтты. Сондай-ақ, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы ой тастарлық бейнероликтер көрсетілді. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу мақсаты алға қойылды. Ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар, пікірлер білдіріп сұрақтарын қойды.