«Оқуға құштар мектеп» жобасы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

14
апрель
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Асқар тау алыстаған сайын асқақтай түседі» дегендей біздің қазақта уақыт өткен сайын биіктеп, есімі мен еңбегі бүгінгі ұрпақпен бірге жасасып келе жатқан таудай тұлғалар аз емес. Олар кеше ұлттың намысы мен арын, болмысы мен бағын сақтап қалуға орасан зор еңбек етіп, сол жолда жанын да, барын да салып, тар жол тайғақ кешуден тайынбай тер төкті. Ұлтымыздың сондай бірегей ұлдарының бірі Асанбай Асқаров. Оқушыларға таудай тұлғаның биік болмысы мен азаматтық қырларын, еңбегін, ұлттық мүдде тұрғысындағы ұстанымын, елдік қасиетін, азаматтық көзқарасы толықтай тарқатып түсіндірілді.
«Туған жердің туы биік болсын деп,
Жері егінге, қыры малға толсын деп
Еңбек еттім жанымды бір аямай,
Ел басына бақыт құсы қонсын деп» жырлаған ұлтының ұлы, намыстың құлы бола білген барша алаштың ардақтысы атанған Асанбай Асқаровтың есімін ұмытпай, елі үшін еміреніп еткен өлшеусіз еңбегін елеп, ескеріп, құрметтеу - бүгінгі біздің мерейлі міндетіміз. Осы орайда Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашылары мен тарих пәнінің мұғалімі Б.Сапарбаевтың ұйымдастыруымен «Асанбай Асқаровтың өмір жолы мен ерен еңбегі» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, 7 сыныптар арасында танымдық сабағы өтті.