Гимназия күні » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

02
август
2017

Гимназия күні

                                                                               

                                

 

  

 

 

 

 

 

     

 


                     

 


 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

                                      

 

 «Гимназия күні-2017» мерекелік кешінің сценариі

 

Әлихан: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар!

Еркеназ:Сәлеметсіздер ме, аяулы ұстаздар!

Нұрсейіт: Қош келдіңіздер, ардақты ата-аналар және мектебіміздің үздік оқушылары!

Назым: Бүгін мектебімізде талантты, дарынды оқушыларды тану және олардың 

бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынын аша білген ұстаздарымыздың еңбегін бағалау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде «Гимназия күні-2017» атты мерекелік кешті өткізгелі отырмыз.

Әлихан: Олай болса, биылғы оқу жылында мектебіміздің намысын аудан, облыс, 

республика, тіпті халықаралық деңгейде қорғап, абыройын асқақтатқан озат ұстаздарымыз бен оқушыларымызды ортаға қошеметпен шақырамыз!

Еркеназ:Қарсы алыңыздар! Бастауыш сынып мұғалімі-Айдарқұлова Светлана

Жөненқызы және өзінің үздік 2 «А» сынып оқушыларымен бірге! Биылғы оқу жылында 2 «а» сынып оқушылары  түрлі байқауларға 100% қатысып,  республикалық «Наурыз-көктем және молшылық мерекесі», «Нұрлы болашақ», «Тәуелсіздік тұғыры биікте» эссе байқаулары мен ұлттық интернет олимпиадасына қатысып жоғары белсенділік танытты. Сыныптың республикалық байқауларда қол жеткізген жүлделерінің саны-67. 

Нұрсейіт:Ортада ағылшын тілі пәнінің мұғалімі-Ракулова Гүлмира Орынтайқызы және 

үздік 10А сынып оқушылары! Бұл сынып- аудан, облыс, республика деңгейіндегі білім бәйгелері мен ғылыми жобалар байқауында  мектебіміздің намысын қорғап, мәртебесін асқақтатып жүрген сынып.

Назым:Мектебіміздің  озат ұстаздарының бірі тарих пәнінің мұғалімі-Нарикбаева 

Нұргүл Тұрсынбайқызы өзінің өнерлі оқушыларымен ортада! Қарсы алыңыздар!

Әлихан: Мектепішілік қана емес, аудандық мерекелік іс-шаралардың белсенді

қатысушылары мен ұйымдастырушылары, сегіз қырлы бір сырлы 7Б сыныбы сынып жетекшісі Дүйсенова Роза Хамитбекқызымен бірге. Қол соғып қошеметтеп қойыңыздар!

Еркеназ: Ортада талантты, дарынды оқушыларды тани білген, оларға қолдау көрсетіп, 

білім бәйгесіне баптап қосып, жеңімпаздарды тәрбиелеп шығарған ұстаздарымыз! Қошеметпен қарсы алыңыздар!

Нұрсейіт: Алиева Айсұлу Серікқызы-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Назым: Құрманова Раушан Оразбекқызы-бастауыш сынып мұғалімі

Әлихан: Күздеева Гүлнұр –математика пәнінің мұғалімі

Еркеназ: Умирбаева Құндыз Оразқызы-бастауыш сынып мұғалімі

Нұрсейіт:Ибрагимов Жеңіс –дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Назым: Мұрат Рауан-дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Әлихан: Ендігі кезекте ортаға түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиада жүлдегерлері

                   атанған      үздік оқушыларымызды  шақырамыз! 

Еркеназ: Жеткерген Тобанияз-10а сынып оқушысы, облыстық, республикалық ғылыми 

                   жобалар мен қашықтық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері

Нұрсейіт:Жанатбекқызы Жұлдызай-8А сынып оқушысы, көркемсөз оқудан алдына жан 

салмайтын озат оқушы. Бірнеше дүркін республикалық көркемсөз оқу байқауының жеңімпазы

Назым: Сенбек Жанна-8а сынып оқушысы, білім мен өнерді қатар алып жүрген

талантты оқушы. Бейнелеу өнері бойынша облыстық, республикалық байқаулардың, ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған облыстық экодизайнерлер конкурсының бас жүлде иегері.

Әлихан: Аманкелдиева Айгерім-10Б сынып оқушысы, облыстық пән олимпиадасы мен 

                   республикалық, халықаралық қашықтық олимпиадалардың жеңімпазы.

Еркеназ: Жас зерттеушілерді қарсы алыңыздар! Паратбеков Атабек-4д сынып оқушысы. 

                   Оның қазақтың ұлттық тағамы құрт туралы жазған ғылыми жобасы 

аудандық, республикалық, тіпті халықаралық ғылыми жобалар байқауында үздік деп танылып, жүлдегер атанды. Кутумов Дәулет-4В сынып оқушысы. Серік Бақдәулет-4ә сынып оқушысы. Жуманова Сандуғаш-4Д сынып оқушысы.

Нұрсейіт: Нарбота Айгерім-5А сынып оқушысы. Жас та болса білім бәйгесінде өзінің

осал еместігін танытып жүрген үздік оқушы. Ағылшын тілінен өткен республикалық және халықаралық байқаулардың 3 дүркін жеңімпазы.

Назым:Айтбала Балнұр-7Б сынып оқушысы. Аудандық, облыстық, республикалық 

                   көркемсөз оқу байқауларының бас жүлде иегері.

Әлихан: Болатханқызы Ақнұр-2А сынып оқушысы. Республикалық қашықтық

 олимпиадалар мен эссе байқауларының жеңімпазы.

Еркеназ:   Жаннұр-мектепалды даярлық тобының оқушысы, республикалық көркемсөз

 оқу байқауының жеңімпазы.                                              

Нұрсейіт: «Балауса» би тобының мың бұралған бишілеріне қошемет көрсетіңіздер! 

                   Аудандық, республикалық өнер байқауының жеңімпаздары!

Назым: «Соса-соla» былғары доп-футболдан 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер

арасындағы аудандық, облыстық турнирдің чемпиондарын қарсы алыңыздар! Республикалық чемпионатта сіздерге жеңіске жетуді тілейміз!

Әлихан:Алдарыңызда облыстық қыздар арасында волейболдан өткен мектеп лигасының 

                   чемпиондары қошеметтеріңізді аямаңыздар! Республикалық мектеп 

                   лигасында да мектебіміздің абыройын асқақтатады деген зор сеніммен 

                   қараймыз сіздерге!

Еркеназ: Қыздар арасындағы бокстан республикалық чемпионаттың ІІ орын жүлдегері-                                                                                     

Нұрсейіт:  Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,

                  Мектептен басталады бәрі-бәрі.

                     Бүгінгі озаттардың  кешінде,

                    Шырқалсын мектебімнің Әнұраны

/Хор: «Мектебім-мақтанышым»/

Назым: Биылғы оқу жылы толағай табыстарға, зор жетістіктерге толы болды десек 

                   артық айтқандық болмас.

Әлихан: Оқушыларымыздың жетістіктерден көріне білуі мектебіміздің ұстаздар

 қауымының қажырлы еңбегінің арқасы екені де анық.

Еркеназ: Ал, бір жағынан шәкірттеріміздің тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, "ұстаз-

                   оқушы-ата-ана" үштігінің мықты болуына үлесін қосатын ол әрине, ата-ана.

Нұрсейіт: Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, 

                   өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, 

                   ойы өткір ұстаздар!

Назым: Әрбір балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қызғыштай 

                   қоритын, перзенті үшін отқа да күйетін, суға да түсетін, мейірбанды, жылы 

                   жүректі, ақкөңіл, ақниетті, ардақты әкелер мен аналар!

Әлихан: Ата-анасын сүйетін, ұстаздарын "Екінші анам" деп білетін, білім алуға жаны

құштар, ертеңгі күні еліміздің Туын көкке желбіретіп, саналы да, зор білімге ие болып, еліме адал қызмет етсем деп алдына мақсат қоя білетін шәкірттер!

Еркеназ: бүгінгі мереке баршамызға 

/барлық жүргізуші бірге/ Құтты болсын!!!

Нұрсейіт: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

                 Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

                 Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

                Шәкірттерге арналсын тілегіңіз

Назым: Мерекелік алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Ермекова Гүлбахрам

 Серікқызына беріледі.

Әлихан: «Балауса» би тобының орындауында                                    биін қабыл алыңыздар.

Еркеназ:           Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
                          Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, 
                          Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
                          Азбайтұғын адамның алтындығы – 

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай,  мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. 

Нұрсейіт: Ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесіне үңіле білетін ұстаздарымыздың 

                   еңбегі өте зор. Ал, ұстаздардың ұстазы атанып, қазіргі таңда бейнетінің 

                   зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымыздың еңбегі екі есе.

Назым: Ендеше, мерекелік құттықтау сөз кезегі аяулы ардагер ұстазымыз Қосымова

 Гүлнар Ғаббасқызына  беріледі.

/ «Өнерлі сынып» номинациясы бойынша марапаттау/

 Әлихан: Хор                                            Жетекшісі-музыка пәнінің мұғалімі Тыныбаева

                   Бақтан Пайзрахманқызы

Еркеназ: Дарынды жас-елдің болашағы, баға жетпес қазынасы. Болашақта егеменді 

                   еліміздің тарихын арқалап, болашағын айқындайтын ол-дарынды жастар.  

Нұрсейіт: Ендеше жас дарындарды «Жыл жаңалығы» номинациясы бойынша 

                   марапаттау үшін  ортаға                                                              шақырамыз.

/ «Жыл жаңалығы» номинациясы бойынша марапаттау/

Назым: Республикалық көркемсөз оқу байқауының жеңімпаздарын қарсы алыңыздар!

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Әлихан: Мың бұралған бишілердің орындауында                             биі. Қабыл алыңыздар!

Еркеназ: «Ұстаз» -  ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие 

                   беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар

 беруде ұстаздың еңбегі орасан зор.

Нұрсейіт: Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да 

көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Назым:Дұрыс айтасың Нұрсейіт. Сен сипаттап берген мұғалімнің өзі де, сыныбы да 

                   үздік болады деп ойлаймын.

Әлихан: Ендеше, «Үздік сынып» номинациясы бойынша марапаттау рәсімін бастайық. 

                   Ортаға марапаттау үшін                                                     шақырамыз.

/ «Үздік сынып» номинациясы бойынша марапаттау/

Еркеназ: Үздік сыныптардың құрметіне 6В сынып оқушысы                                                            орындауында                                әнін қабыл алыңыздар.

Әлихан: Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық өнер –

тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Назым: Әрине, Әлихан. Мұғалім еңбегі оның шәкірттерінің білімімен, бағындырған 

                   биігімен бағаланады емес пе?

Нұрсейіт: Онда уақытты созбай «Жыл оқушысы» кім болды? Соны анықтайық! 

Әлихан: Осы оқу жылында білім бәйгесінде жетістіктерге жеткен озат оқушылар мен 

                   «Жыл оқушысы» номинациясының иегерлерін марапаттау үшін                                                                                  шақырамыз.

/ «Жыл оқушысы» номинациясы бойынша марапаттау/

 

Еркеназ: Үздіктердің құрметіне  8Ә сынып оқушысы Халиева Қаракөздің 

                   орындауындағы                                                            күйін қабыл алыңыздар.

Нұрсейіт: :         Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
                            Мұғалімді ардақтайды барша жан
                            Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы, 
                            Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

Назым:               Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
                             Ұстаз деген – анасы ол адамның.
                             Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
                             Сен де одан адам болып жаралдың.