Отыз бес жыл күттірген ҮКІЛІ ҮМІТ АҚТАЛДЫ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » » Отыз бес жыл күттірген ҮКІЛІ ҮМІТ АҚТАЛДЫ!
10
февраль
2021

Отыз бес жыл күттірген ҮКІЛІ ҮМІТ АҚТАЛДЫ!

Отыз бес жыл күттірген ҮКІЛІ ҮМІТ АҚТАЛДЫ!
Тәуелсіздік дейтін ең биік түсініктен Желтоқсан жаңғырығын бөлектей алмаймыз. «Қазақ деген атым бар» деп қасқиып шыққан Қайраттай батырларымыздың намысын бірге жыртқан, рухына дем берген қарапайым ғана қанша «желтоқсанның» ерлері жүр арамызда. 
Солардың бірі аяулы әріптесіміз, ұлағатты ұстаз МОМЫНҚҰЛОВА ЗӘУРЕ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ. Зәуре әпки Желтоқсанға қатысқан жалынды жас қана емес, ол – бүгінгінің де бетке ұстары. 
Бүгін арайлы Алматы қаласынан сүйінші хабар келді. Зәуре Төлегенқызы ақталды. Бұл көптен күткен үлкен қуаныш. Әріптесімізді шын жүректен қуанышты жаңалығымен құттықтаймыз! Егемен еліміздің әр түкпірінен келіп жатқан құттықтаулардың ішінде әпкиімізге ыстық көрінген, өлеңмен өрнектелген курстасының арнауын сіздермен бөліскенді жөн көрдік.