«Ұлы дала елінің кемеңгері» атты тарих пән мұғалімдерімен онлайн конференция » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » «Ұлы дала елінің кемеңгері» атты тарих пән мұғалімдерімен онлайн конференция
27
ноябрь
2020

«Ұлы дала елінің кемеңгері» атты тарих пән мұғалімдерімен онлайн конференция

       Қыстың алғашқы күні, яғни, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны ерекше. Бүгінде әлем мойындаған тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.
       КСРО күйреген шақта жеріміздің тұтастығын сақтап, ел іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп, тәуелсіздігі тұғырлы, жасампаз Қазақстан мемлекетін құрды. Күрмеуі қиын шақтарда өзіне сенім артқан жұртын берекелі бірлік пен өркениетке бастап, Қазақстанды дамыған әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президенттің халық үшін еткен қызметі ерен. Қазіргі кезде есімі елімен қатар аталып, алыс-жақын мемлекеттерде мәртебесі тасыған Тұңғыш Президентіміздің күнін атап өту әрбір қазақстандық үшін мерейлі мереке екені анық. 
       Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиямызда «Ұлы дала елінің кемеңгері» атты сынып жетекшілері мен тарих пән мұғалімдері арасында онлайн конференция өтті. Конференцияда Елбасымыздың елге еткен ерен еңбектері және тағылымға толы өмір жолы жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Жамалбекқызы Тұңғыш Президент мұражайына онлайн саяхат жасады.