23
апрель
2021
"Бұл - кітап әлемі "атты ашық есік күні
Бүгін 23 сәуір әлем әдебиеті үшін символикалық күн. Осы дүниежүзілік кітап мерекесіне орай, мектебімізде "Бұл - кітап әлемі "атты ашық есік күні өтті. Іс-шараға мектебіміздің тұрақты кітапсүйер оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар кітапханадағы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өткізілген акциядан демеушілікпен түскен көркем әдеби кітаптармен танысты. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп Шекспир айтқандай, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген кітап біздің оқырмандарымыз үшін құнды дүние болары анық.









