Біз туралы » Страница 8 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

Коучинг
23
ноябрь
2022
Коучинг
2022 жылдың 22 қарашасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тезекбаева Г.К. мен химия пәнінің мұғалімі А.Усембаеваның ұйымдастыруымен "Кері байланыс оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын қаншалықты жақсартады?" тақырыбында жас мамандармен коучинг өтті. Коучинг барысында оқушыларға кері байланыс берудің тиімділігі мен түрлі тәсілдері қарастырылды.
"Онлайн шеберхана" жобасы
23
ноябрь
2022
"Онлайн шеберхана" жобасы
Педагогтар арасында озық педагогикалық тәжірибені тарату, оқушыларды оқыту мен дамтудың оңтайлы  әдістері мен технологияларын трансляциялау  мақсатында Байзақ  ауданы білім бөлімінің әдіскері Умирзакова Эльмира  Ақәділқызының ұйымдастыруымен  2022 жылдың 14 желтоқсанында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Онлайн шеберхана" жобасы аясында шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.  
ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
17
ноябрь
2022
ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
 2022 жылдың 17 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен өрт-тактикалық тапсырмаларды шешу бойынша бекітілген кестеге сәйкес өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.  Өрт-тактикалық жаттығу барысында мектеп қызметкерлері мен  І ауысымның оқушыларына хабарландыру жүйелерімен өрт туралы құлақтандырылып, қауіпсіз аймаққа көшіріліп, белгіленген аймақта
"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы"
16
ноябрь
2022
"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы"
"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ-ның 10 жылдығына орай "Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі" Республикалық конкурсының облыстық кезеңінде Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы жүлделі ІІ орынды иеленді. Мектеп-гимназия ұжымын тағы бір жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
"Педагогикалық идеялар панорамасы"
15
ноябрь
2022
"Педагогикалық идеялар панорамасы"
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.                                                                   К.Д.Ушинский "Педагогикалық идеялар панорамасы" Республикалық байқауының аймақтық іріктеу кезеңінде мектеп-гимназиямыздың физика пәнінің мұғалімі Аманова Салтанат Мыңбайқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарабаева Айнұр Асқарқызы ІІІ орынға ие болды. Білімді де білікті ұстаздарымызды жеңістерімен
«МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
09
ноябрь
2022
«МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
 Мектеп – гимназияда қоғамның дамуына үлес қосып жүрген белгілі адамдарды шақырып, олардың өмір жолдарынан мәлімет алып, жетістікке жету сырларынан өнеге алу мақсатында 10-11 сынып оқушылары арасында «Даналық бейсенбі» жобасының кезекті іс-шарасы өтті. Кешімізге қонақ болып, мектебімізден түлеп ұшқан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер» жөніндегі департамент маманы -  Нарегеев  Алихан  Бауыржанұлы қонақ болып келді.Бас қосу барысында кеш
ОҚУШЫЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
27
октябрь
2022
ОҚУШЫЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
 Бүгін мектеп-гимназияның 5-11 сынып оқушыларына ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық сағатта ДҚТІЖО Ш.Т.Кенжалиев күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларды каникул кезінде түнгі уақыттардағы жүріс, біреудің затын рұқсатсыз алып кету,  өрт, электр тогы, су, әр түрлі жарылғыш заттардан сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, мектеп медбикелері зиянды заттар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар өз ойларын ортаға салды  
МАМАНДАР ОҚУШЫЛАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ
26
октябрь
2022
МАМАНДАР ОҚУШЫЛАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ
Мектеп-гимназияда 2022 жылдың 26 қазанында «Темекінің алдын алу. Электронды темекінің зияны» тақырыбында 7-сынып оқушыларына жастар денсаулық сақтау орталығының мамандары Алтаева Арайлым, Ержанова Айгүл дәріс оқыды. Баяндамашылар темекінің құрамындағы заттар және олардың ағзалар мен жүйкеге кері әсері туралы айтты. Сонымен қатар, темекі шегу туралы әлеуметтік сауалнаманың қорытындыларымен таныстырып өтті. Оқушыларға дені сау болу үшін тұрақты түрде дене белсенділігін арттырып, дұрыс тамақтанған
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ПРОКУРОРМЕН КЕЗДЕСТІ
13
октябрь
2022
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ПРОКУРОРМЕН КЕЗДЕСТІ
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 2022 жылдың 13 қазанында «Қылмыс пен құқық бұзушылық үшін жауапкершілік» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Бірлескен профилактикалық іс-шараға Байзақ аудандық прокуратурасының прокуроры С.Т.Телеуов, полиция майоры, мектеп инспекторы А.К.Танабаев, Байзақ аудандық білім бөлімінің әдіскері З.Б.Сатылғанова, мектеп-гимназия директоры Г.С.Ермекова қатысты. Прокурор С.Т.Телеуов оқушылармен бірінші орында тәртіптің, білімнің
"Қыз Жібек" қыздар клубының кезекті жиналысы
10
октябрь
2022
"Қыз Жібек" қыздар клубының кезекті жиналысы
Қыз балаларға адамгершілік,  әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту және жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында "Қыз Жібек" қыздар клубының кезекті жиналысы өткізілді. Қыздар жиналысына аудандық жастар денсаулық сақтау орталығының акушер – гинекологы М.Қожахметова, СӨС орталығының маманы А.Алтаева қатысып «Ерте жүктіліктің алдын – алу және репродуктивті денсаулық» тақырыбында қыз балалармен кездесу өткізді.