17
ноябрь
2022
ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
2022 жылдың 17 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен өрт-тактикалық тапсырмаларды шешу бойынша бекітілген кестеге сәйкес өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.
Өрт-тактикалық жаттығу барысында мектеп қызметкерлері мен І ауысымның оқушыларына хабарландыру жүйелерімен өрт туралы құлақтандырылып, қауіпсіз аймаққа көшіріліп, белгіленген аймақта түгелдеу жүргізілді. Өрт-сөндіру бөлімшелерімен өрт-техникалық жарақтарды қолдану арқылы оқушы құтқару ұйымдастырылып, өрт сөндіру бойынша кешендік шаралар қабылданып, жедел медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, барлық өрт-тактикалық оқу-жаттығуға қатысушы қызметкерлерімен өзара әрекеттестік жұмыстары іс-жүзінде машықталды



