ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ТУҒАНЫНА 355 ЖЫЛ!
Мектеп – гимназияда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына орай танымдық сағат өтті. «Қаз дауысты Қазыбек би – дипломат, бітімгер, ойшыл» тақырыбында баяндама жасалып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Іс – шараның мақсаты: Оқушыларды қазақтың аса айбынды билерінің бірі Қазыбек бидің тарихтағы орнымен таныстыру, сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, халқының тарихын құрметтеуге баулу.